Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай байланысуыма болады?

Қосымша көмек, ақпарат алу, кері байланыс немесе шағым жіберу үшін біздің арнайы қолдау көрсету тобымен байланысуыңызға болады. Қолдау көрсету тобымызды мына жерден таба аласыз: https://www.getcontact.com/send-report

Getcontact деректерді қалай пайдаланады?

Getcontact қосымшасы деректерді қалай және қандай мақсаттарда пайдаланатындығы туралы толық ақпаратты Құпиялылық мәлімдемесімізден таба аласыз [https://www.getcontact.com/privacy]. Алайда негізгі ойларды келесідей қорытындылауға болады;

- Қызметтерімізді қосу, оңтайландыру, жекелендіру, жеткізу және жақсарту үшін.

- Заңды міндеттемелерді орындау, соның ішінде алаяқтықтан қорғау, спамды анықтау және қолданыстағы заңнама талап еткен кезде реттеуші органдарға ақпарат беру үшін.

- Getcontact қосымшасы мен біздің пайдаланушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, оның ішінде спам және қалаусыз қоңырауларды анықтауды қамтамасыз ету үшін.

- Статистикалық және аналитикалық мақсаттар үшін жинақталған және жасырын деректердің көмегімен есептер құру үшін.

Getcontact менің мекенжай кітапшамның деректерін жалпыға қолжетімді немесе іздеуге болатындай қылады ма?

Жоқ, мекенжай кітапшаңыздағы контактілер ешқашан оларды іздеуге болатындай етіп жүктелмейді және жалпыға қолжетімді болмайды. Нөмірді каталогымызда растау үшін іздегенде немесе контактінің профилін көрген кезде, нөмірді немесе Getcontact профилін тек біздің каталог қызметтерімізден ғана іздеуге болады. Мекенжай кітапшасы деректерін өңдеу немесе жүктеу үшін Getcontact қосымшасы техникалық немесе пайдалану қабілетін заңды мақсаттарынан тыс қолданбайды.

Нөмірімді Getcontact каталогынан шығара аламын ма?

Ия, солай. Мына қарапайым қадамдарды орындау арқылы нөміріңізді тізімнен оңай шығара аласыз: Құпиялылықты басқару> Көріну параметрлері

Деректерімді Getcontact қосымшасынан толығымен жоя аламын ба?

Ия, әрине. Еліңізде қолжетімді болса, төмендегі сілтеме бойынша, арнайы Құпиялылықты басқару орталығы арқылы, профиліңізге қатысты барлық мәліметтер мен деректерді жоюыңызға болады. https://www.getcontact.com/manage. Есіңізде болсын, деректеріңіз бен есептік жазбаны жойғаннан кейін, сіз Getcontact қызметтерін пайдалана алмайтын боласыз.

Тег деген не? Тегтерді қалай қосуға болады?

Тегдегеніміз, бұл Getcontact пайдаланушысына басқа пайдаланушылар қосқан ақпарат (лақап аты, аты және т.б.). Бұл тегтер пайдаланушымен басқарыла алады.

Пайдаланушы профиліндегі «Тег қосу» бөлімінен, Getcontact қосымшасының басқа пайдаланушыларына тегтерді қоя аласыз. Сіз бұл әрекетті қосымшаға тіркелген кезде «Жылдам тег қосу» меню арқылы орындай аласыз.

Өзіме тег қоса аламын ба?

Getcontact қауымдастығы стандарттарына сәйкес сіз тегтерді тек басқа пайдаланушыларға қоса аласыз; дегенмен, өз тегтеріңізді басқара аласыз.

Менің профиліме тегтер қосқан адамдарды көре аламын ба?

Дөрекі тегтерді болдырмау үшін бізде үнемі жетілдіріліп отыратын сүзгі жүйесі бар. Біздің алгоритмді одан да жақсарту үшін дөрекі және орынсыз тегтер туралы хабарлауыңызды сұраймыз. Бұл технологиямызды жетілдіруге көмектеседі.

Тегтерімді қалай басқаруыма немесе жоюыма болады?

Профайлыңызбен байланысты барлық тегтерді, қосымша немесе біздің арнайы Құпиялылықты басқару орталығында (https://www.getcontact.com/manage) қарап, басқаруға немесе жоюға болады.

Getcontact қосымшасын пайдалануға арналған электрондық поштамның мекенжайын қалай өзгерте аламын?

Төменгі меню арқылы «Басқа» бөлімінен «Профильді көрсету» тармағына өтіп, электрондық пошта мекенжайыңызды түзете аласыз.

Телефон нөмірімді контактілерде көрінбейтіндей етіп қалай жасауға болады?

Көрінімділік параметрлеріңізді келесі сілтеме арқылы таңдауыңызға болады: https://www.getcontact.com/manage

Барлық өзгерістер біздің серверлерде күшіне ену үшін 48 сағатқа дейін уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Getcontact профиліме басқа нөмір қоса аламын ба?

Қазіргі уақытта Getcontact профиліңізді тек бір телефон нөмірімен байланыстыруға болады.

Getcontact қосымшасындағы профилімнің атауын қалай өзгертуіме болады?

Көрінетін атыңызды қосымшадағы профиліңіздегі параметрлер қойындысынан өңдей аласыз. Сіз оны өңдегеннен кейін, іздеу нәтижелерінде жаңартылған профиль атына басымдық беріледі.

Сенімділік ұпайы дегеніміз не?

Сенімділік ұпайы дегеніміз, бұл телефон алаяқтығымен күресу үшін Getcontact инженерлері әзірлеген арнайы аналитикалық әдіс. Сенімділік ұпайы 1 ден 10 дейінгі шкала бойынша есептеледі.

Сенміділік ұпайы қалай жұмыс істейді?

Сенімділік ұпайын біз төменде көрсетілген алгоритмдерді біріктіру арқылы бағалаймыз. Олар:

телефон нөмірі туралы кері байланыс

телефон нөмірінің спам әрекеттері.

Және ЖИ технологиямызды басқа ондаған түрлі алгоритмдер қамтамасыз етеді, сондықтан біз осы санға Сенімділік ұпайын есептей аламыз.

Сенімділік ұпайына толықтай сене аламын ба?

Жоқ! Getcontact жай ғана бағалайды және бұл ұпайлардың міндетті күші жоқ.

Менің ақысыз пайдалану құқығым қашан жаңартылады?

Лимиттеріңіз әр айдың бірінші күнінде жаңартылады. Қалған лимиттеріңізді тексеру үшін келесі қадамдарды орындауыңызға болады: Басқа> Getcontact Premium> Жазылымдар> Жазылым туралы ақпарат.

Бір реттік 'БР' құпиясөзі не үшін қажет?

Пайдаланушыны тексеру процедурамыз, байланыс нөмірінің немесе Getcontact профилінің нақты иесі ретінде, тиісті дәрежеде расталған тұлғаға ғана қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жасалған. Осы тексеру процедурасының бір бөлігі ретінде, біздің тіркелу параметрлері мен Құпиялылықты басқару орталығына (https://www.getcontact.com/manage) кіру үшін бір реттік 'БР' құпиясөзін жасауды сұраймыз.

Мен ат бойынша іздей аламын ба?

Getcontact қоңырау шалушыларды тек телефон нөмірі арқылы анықтайды. Өкінішке орай, аты бойынша іздеу мүмкін емес.

Неліктен мен барлық қоңырауларда қоңырау шалушы туралы ақпаратты көре алмаймын?

Getcontact пайдаланушыларының құпиялылығын қамтамасыз етеді. Көрінгісі келмейтін пайдаланушының нөміріне анықтауды ұсына алмаймыз.

Мен iPhone құрылғысын қолданамын. Неліктен мен қоңырау шалушының жеке басын көре алмаймын?

iOS құрылғыларында тек спам деп белгіленген қоңыраулар анықталады. Android құрылғыларында бұл параметр қосылған. Егер сіз қоңырау шалушының жеке басын көре алмасаңыз, қосымшада қажетті рұқсаттарды беруіңізге болады. Бұл мүмкіндікті қосымшадағы рұқсаттар немесе мобильді құрылғыдағы параметрлерді реттеу арқылы қосуыңызға болады.

Нөмірімді кім іздегенін біле аламын ба?

Жоқ! Нөміріңіз қанша рет және қай күні ізделгені туралы шектеулі ақпарат тек Premium пайдаланушыларға беріледі. Сіз тек тегтеріңізді қараған адамдарды ғана егжей-тегжейлі көре аласыз. Алайда, осы ақпаратқа қол жеткізу үшін сіздің тегтеріңізді көрген адамның параметрлерінде «Жеке режим» мүмкіндігі өшірулі болуы керек. Егер «Жеке режим» параметрі қосылған болса, сіз бұл адамды «Аноним» ретінде көресіз.

Неліктен белгісіз қоңырау шалушылар анықталмады?

Белгісіз қоңырау шалушылар GSM операторларымен басқарылады. Getcontact оны анықтау үшін нөмір белгісіз болмауы керек.

Қоңырау/іздеу журналын қалай жоя аламын?

Егер сіз iOS құрылғысын қолдансаңыз;

Іздеу менюінде «Барлығын өшіру» түймесін басу арқылы барлық іздеу тарихын өшіруіңізге болады.

Егер сіз Android құрылғысын қолдансаңыз;

Іздеу тарихын жоғарғы менюдегі «Тазалау» батырмасын қолдана отырып өшіруіңізге болады. Есіңізде болсын, қоңыраулар тізімін өшіру үшін телефонның қоңыраулар тарихын да өшіруіңіз қажет.

Getcontact ақылы қосымша ма?

Getcontact қолданбасын тегін пайдалана аласыз. Біз сізге белгілі мүмкіндіктерді жоғары лимиттермен пайдалануға мүмкіндік беретін әр түрлі жазылымдарды ұсынамыз. Жазылым ұсыныстары мен бағасы бір елден бір елге түрлі болуы мүмкін. Егер сіздің аймағыңызда Premium нұсқасы қолжетімді болса, біздің Premium ұсыныстарымызды Профиль парақшасынан тексере аласыз.

Нөмірімді өзгерте аламын ба?

Getcontact есептік жазбаңызда нөміріңізді өзгерту мүмкін емес. Егер қазіргі Getcontact нөміріңіз енді қолжетімді болмаса және сізде жаңасы болса, ағымдағы жазылымнан бас тартып, қосымшадан шығыңыз. Осыдан кейін жаңа нөміріңізге жаңа есептік жазба жасай аласыз. Жаңа нөміріңізге Premium жазылым және т.б. сияқтыны ауыстыру үшін келесі әдістерді қолдануды ұсынамыз:

- Егер Premium еспешот ұсыну Google Play немесе Apple Store арқылы жүзеге асырылса, Premium жазылым артықшылықтарын жаңа нөмірге қосымшаның Premium бетіндегі «Сатып алуды қалпына келтіру» түймесін басу арқылы ауыстыра аласыз. Егер еспешот ұсыну жасалынған есептік жазбаға қолжетімділікті жоғалтсаңыз, сіз Premium мүмкіндіктеріңізден айырылатын боласыз.

- Егер еспешот ұсыну несие картасы немесе ұялы байланыс операторы арқылы жасалса, support@getcontact.com мекенжайы бойынша бізге хабарласыңыз. Getcontact маманы жағдайды зерттеп, сатып алуларды жаңа нөміріңізге ауыстырады. Мұндай жағдайда сіздің бұрынғы нөміріңіз үшін мұндай сатып алу бұдан әрі қолжетімді болмайтыны есіңізде болсын.

Жазылым пакеттерінің артықшылықтары қандай?

Біздің ең соңғы жазылым пакеттерін мен мүмкіндіктерін көру үшін мына веб-сайтқа өтіңіз: https://premium.getcontact.com/

Жазылымды қалай бастауыма болады?

Сіз Getcontact жазылым пакеттерін «Getcontact Premium» парақшасынан тексеруіңізге болады, оны төменгі менюдің «Басқа» бөлімінен табуға болады және қаласаңыз, оны қоса аласыз.

Несие картамен немесе ұялы байланыс операторымен да келесі сілтеме арқылы сатып алуыңызға болады: https://premium.getcontact.com/ Есіңізде болсын, Getcontact Premium сіздің аумағыңызда қолжетімділігіне байланысты.

Қалған лимиттерімді қалай білуіме болады?

Қалған лимиттеріңізді келесі қадамдарды орындау арқылы тексеруіңізге болады: Басқа> Getcontact Premium> Жазылым туралы ақпарат.

Нөмірді қалай бұғаттап, оны спам деп хабарлауыма болады?

Кіріс нөмірін іздеген кезде көрінетін «Есеп беру» батырмасын пайдаланып, оны алдын-ала анықталған санаттар бойынша хабарлауға немесе бұғаттауыңызға болады.

- Егер сіз нөмір туралы жай ғана хабарласаңыз, ол сізге кейінірек СПАМ ретінде көрсетілетін болады.

- Егер сіз нөмірді хабарласаңыз және бұғаттасаңыз, бұдан былай бұл нөмірден қоңыраулар алмайтын боласыз.

Getcontact қосымшасы профиліме байланыстырған ақпараттың көшірмесін сұрауыма бола ма?

Ия, әрине, бізде барлық ақпараттардың көшірмесін оқылатын сандық форматта жүктеуге мүмкіндік беретін, деректерді тасымалдау мүмкіндігін құрдық. Көшірмені сұрау үшін біздің Құпиялылықты басқару орталығымызға өтіңіз https://www.getcontact.com/manage

Өзімді спам қоңыраулардан қалай қорғауыма болады?

Егер сіз iOS құрылғысын қолдансаңыз;

Getcontact қосымшасының төменгі менюіндегі «Қорғауды қосу» түймесін түрту арқылы, нұсқауларға сәйкес спамнан қорғауды қосуға болады.

Осы қадамнан кейін Спам экранын төмен қарай сырғытып, «Спам параметрлері» бөліміндегі «Параметрлерді өзгерту» түймесін басу арқылы «Барлық спам қоңырауларына тыйым салу» және «Спам мен алаяқтық қоңырауларға ескерту көрсету» опцияларының бірін таңдауыңызға болады.

Егер сіз Android құрылғысын қолдансаңыз;

Сіз спамнан қорғауды екі түрлі жолмен белсендіре аласыз:

- Қосымшаны орнатқан кезде белгілі рұқсаттарды берсеңіз, спамнан қорғаныс қосылатын болады.

- Егер сіз бұл рұқсаттарды бермесеңіз, спамнан қорғауды «Қорғауды қосу» менюында берілген нұсқауларға сәйкес қосуға болады, оған төменгі менюдағы «СПАМ» қойындысынан қолжеткізуге болады.

Осы қадамнан кейін Спам экранын төмен қарай сырғытып, «Спам параметрлері» бөліміндегі «Параметрлерді өзгерту» түймесін басу арқылы «Барлық спам қоңырауларына тыйым салу» және «Спам мен алаяқтық қоңырауларға ескерту көрсету» опцияларының бірін таңдауыңызға болады.

Менің телефон кітапшамдағы контактілер Getcontact қосымшасын пайдаланатын адамдар үшін іздеуге қолжетімді болады ма?

Телефон кітапшаңыздағы контактілер ешқашан жалпыға қолжетімді болмайды немесе Getcontact арқылы ізделмейді. Телефон кітапшаңыздың контактілеріне кіруге рұқсат тек сіздің келісіміңіз болған жағдайда ғана берілуі мүмкін және оны тек сіз рұқсат берген мақсатта ғана пайдалануға болады. Қызметтерімізді оңтайландыру немесе қосымшада келісу мен рұқсат беру процесінде түсіндірілетін, белгілі бір мүмкіндіктерді қосу үшін телефон кітапшаңызға кіру рұқсатын сұрауымыз мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін https://www.getcontact.com/privacy Құпиялылық туралы мәлімдемемізге кіріңіз

Мен кездейсоқ нөмірді спам деп белгілеп қойдым. Мұны қалай өзгертуге болады?

Нөмірді іздегеннен кейін экранда пайда болатын «Блоктан шығару» түймесін пайдаланып, оны блоктан шығарып, және спам тізімінен алып тастай аласыз.

Төменгі менюдегі «Спам» түймесін басып, содан кейін парақшаны төмен қарай сырғытып, сіз «Спам параметрлері» ішінен «Блоктау тізіміне» кіре аласыз және спам ретінде белгіленген нөмірді солға қарай сырғытып, спам тізімінен алып тастай аласыз.

Менің телефон нөмірім спам деп тізімделген.

Getcontact нөмірлерді кеңейтілген алгоритмі бар спам ретінде анықтайды. Егер сіздің нөміріңіз спам ретінде тізімге қателікпен енгізілген деп ойласаңыз, support@getcontact.com мекенжайы бойынша бізге хабарласыңыз. Сіздің нөміріңізді Getcontact маманы зерттейтін болады. Спам сүзгісіндегі нөміріңізге өзгеріс енгізуге немесе оны сол жерден өшіруге кепілдік бермейміз.

Телефон нөмірі спам ретінде қалай тізімделген?

Спамды анықтау, сіздің қауіпсіздігіңізді жоғары деңгейде қамтамасыз ететін арнайы алгоритммен жасалынған. Getcontact миллиондаған пайдаланушылардың пікірлерін қарап, қоңырау спам немесе спам емес екенін шешеді. Біз күн сайын осы бағыттағы технологияларымызды жетілдіруді жалғастырудамыз.

Қателер туралы хабарлай аламын ба?

Сіздің пікірлеріңізді құптаймыз және біздің қызметтеріміз тек сіздің қолдауыңыз болған жағдайда ғана жалғасады, сондықтан бізбен осы жерде байланысуыңызға болады.

Қосымшада Анықтама> Бізбен хабарласу бөлімін пайдалануыңызға болады.

Қателер туралы келесі сілтеме арқылы хабарлауыңызға болады: https://www.getcontact.com/send-report

Электрондық пошта: support@getcontact.com

Электрондық пошта арқылы бізге кері байланыс берген кезде келесі ақпаратты жеткізуді ұмытпаңыз!

Телефон нөмірі:

Ағымдағы ел:

Платформа (Android, IOS, Web):

Қосымша нұсқасы:

Тақырып:

5001 қателік коды дегеніміз не?

Бұл қате Getcontact серверлеріндегі уақытша ақаулыққа байланысты болуы мүмкін. Қосымшадан шыққаннан кейін біраз уақыт күтіп, әрекетті кейінірек қайталауыңызға болады. Егер мәселе шешілмесе, біздің Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

5003 қателік коды дегеніміз не?

Бұл қате кодының бірнеше себептері болуы мүмкін. Қосымшаны пайдалану үшін сізде белсенді Интернет байланысы болуы керек. Интернет қосылымыңызды тексеріңіз. Бұл мәселе кейбір IP немесе домендерге үкімет енгізген шектеулерге байланысты туындауы мүмкін. Егер мәселе шешілмесе, біздің Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Жазылымдаымды қалай басқара аламын?

Жазылымдарыңызды сіз сатып алуға пайдаланған арнаңызда басқара аласыз.

Google Play Store арқылы сатып алынған жазылымдар үшін:Жазылымдарды Меню > Жазылымдар парақшасынан келесі сілтеме арқылы басқаруға болады https://play.google.com/store/account/subscriptions

Apple Store арқылы сатып алынған жазылымдар үшін:Жазылымдарды келесі сілтеме арқылы жүйеге тіркелгеннен кейін «Жазылымдарды басқару» түймесін басу арқылы басқаруға болады https://support.apple.com/en-us/HT202039

Веб-сайт арқылы сатып алынған жазылымдар үшін: Жазылымдарды осы сілтеме арқылы жүйеге тіркелгеннен кейін төмендегі әрекеттерді орындау арқылы басқаруға болады https://premium.getcontact.com

"Профиль парақшасы > Төлемдер & Жазылымдар > Жазылым жоспарын басқару"

Жазылымыздан бас тартқаннан кейін де, сіз төлеген мерзім ішінде жоспардағы лимиттерді қолдануды жалғастыра беруге болатындығын ескеріңіз. Жазылымнан бас тартқан кезде, алдыңғы жазылым кезеңдері үшін төленген жарналар қайтарылмайды, ал есеп айырысу басталғанға дейін тоқтатылған жазылымдарда қалған кезеңдер үшін төлемдер де қайтарылмайды.